C 400 X.

ҚАЛАҒА ЖАҢА КӨРІНІС БЕРІҢІЗ.

Сұраныс қалдыру
C 400 X.

Бүгінгі күні қалада мобильді болу А нүктесінен Б нүктесіне жету дегенді ғана білдірмейді. Жолда жүрген кезде, ешкім маңызды нәрсені жіберіп алғысы келмейді, керісінше – біз үнемі қозғалыста бола отырып, қала ұсынатын барлық нәрсені пайдалануға тырысамыз. Ал C 400 X Сізге осындай мүмкіндік береді. Сіз үнемі байланыстасыз ба? C 400 X де. Бұл қала трафигін оңайлықпен басқаратын орташа өлшемді скутер. Не бары сүйікті композицияларыңызды қосып, әуендеріңіздің ырғағымен қаланы тамашалаңыз.

Үлгі артықшылықтары

Дизайн

Сізге бәрінен жақсы сәйкес келетін түсті таңдау арқылы даралығыңызды көрсетіңіз. Ақ түсті Alpine White жеңіл және ықшам болып көрінеді. Zenith Blue metallic нұсқасының айқын сызықтары мен спорттық мінезі бар. Классика әрқашан өзекті: қара түсті BMW C 400 X спорттық және әдемі болып көрінеді.

Қала үшін жасалған.

Бұл жеңіл және маневрлі скутер қаладағы қарбалас қозғалыс легіне арналған. V әрпі түрінде жасалған әрлеу элементтері оның динамикалығына баса назар аударады, ал кішкене ені C400X нұсқасының тар көшелер мен машиналардың тығыз ағынындағы артықшылығын көрсетеді.

Қозғалтқыш

C 400 X көлігі осы орташа өлшемді скутер үшін арнайы жасалған және үлкен қаланы аралап жүруге өте ыңғайлы. Оның зиянды заттарды шығару деңгейі «Еуро 4» стандартына сәйкес келеді. Ең бастысы, ол тез қарқын алып, өте аз отын жұмсайды.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

Отын багының пайдалы көлемі 12,8 л  
Жүктемесіз салмағы, отын толтырып құйылған 204 кг (құрғақ салмағы 193 кг)
Ең жоғары жүктеме (стандарт жинақтамада) 201 кг
WMTC стандарты бойынша 100 км-ға отын шығыны 3,5 л
Ең жоғары қуат 25 кВт (34 а.к.) 7500 айн/мин      

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.