BMW R NINE T Scrambler.
Отправляйтесь навстречу горизонту изящно и со вкусом на этом роскошном и быстром туристическом мотоцикле.

Двигайтесь вперед.
Только вперед.

Heritage BMW R nineT Scrambler

Характеристики и цены
17 л
Отын багының пайдалы көлемі
220 кг
Жүктемесіз салмағы, отын толтырып құйылған
210 кг
Ең жоғары жүктеме (стандарт жинақтамада)
5,3 л
WMTC стандарты бойынша 100 км-ға отын шығыны
110 а.ск. (81 кВт) 7 750 айн./мин
Ең жоғары қуат

Моторын оталдырып, еркіндікке қарай ұмтылыңыз. Жаңа әсерлер сезініп, BMW R nineT Scrambler мотоциклімен бірге жел есуінен ләззат алыңыз. Бұл скремблердің батыл көрінісіне ие классикалық мотоцикл сізге – жолда немесе одан тыс жерде – әр шақырымнан ләззат алу үшін жасалған. Қалада, ауылды жерлердің ирек жолдарында немесе құмды жағажайда – бұл мотоцикл барлық жерде өзін емін-еркін сезінеді. Қуатты оппозиттік қозғалтқыш, жоғары жүрісті аспа, жол талғамайтын шиналары мен шабақтары бар қосымша орнатылатын дөңгелектер және кез келген скремблерге тән бөлшек – жоғары қайырылған қос бәсеңдеткіш. Ол жақсы болғаны соншалықты, оның еш жерін өзгерткіңіз келмейді. Бірақ егер қаласаңыз, онда сіз өзіңіздің RnineT Scrambler-іңізге жеке көрініс бере аласыз.

Үлгі артықшылықтары

Әдеттегі Scrambler.

R nine T Scrambler өткен ғасырдың 70-ші жылдарына – аңызға айналған скремблер дәуіріне оралтады. Ол мотоциклдің осы ерекше түрінің барлық ерекшелігіне ие: гофрленген телескоптық шанышқы, сәл көтерілген газ шығару жүйесі және үлкен 19 дюймдік алдыңғы дөңгелек.

Қарқынмен жүруге арналған қуатты қозғалтқыш.

Жанр классикасы және шексіз адреналин генераторы. 81 кВт (110 а.к.) қуаты бар 1170 текше см ауамен салқындатылатын қуатты екі цилиндрлі оппозиттік қозғалтқыш тіпті төмен айналымдарда да тамаша тарту күшін қамтамасыз етеді. Нәтижесі: әр сапар ұмытылмас сезім сыйлайды.

Тәуелсіз болу еркіндігі.

Жайбарақат тік отыру — Scrambler мотоциклінің басты ерекшеліктерінің бірі. R nine T-мен салыстырғанда жоғары рульдің, басқа орындық толтырмасының және артқы жағына сәл төмен және жақынырақ орналасқан аяққойғыштарының арқасында ұзақ сапарлардың өзі самал желде жеңіл серуендеуге ұқсайды.

Шектеу жоқ.

Дараландырудың шексіз мүмкіндіктері: R nine T Scrambler динамикалық оппозиттің сыртқы түрі мен сипатын талғамыңызға қарай өзгертудің бірқатар тәсілдерін ұсынады. Тіпті кәсіби кастомайзерлер де R Ninet Scrambler дараландыру дәрежесіне таңғалады.
Сұраныс қалдыру
Запись на тест-драйв
Наверх