BMW R 1250 R.

КӨБІРЕК ӘМБЕБАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗУДЕН ЛӘЗЗАТ АЛУ.

Сұраныс қалдыру
BMW R 1250 R.

Бұл мотоцикл жүргізуден ләззат беру үшін жасалды. Классикалық BMW родстерінің рецепті көптеген жылдар бойы өзгермейді, олар: қуатты оппозиттік қозғалтқыш, кардандық беріліс және тамаша жүргізілуі. Бірақ қазір бұл мотоцикл одан да жетілдірілді. BMW R1250R қуаты 136 а.к. және айналу сәті 143 Нм болатын жаңа буын қозғалтқышымен және айналым ауқымында сенімді тартуды қамтамасыз ететін BMW ShiftCam технологиясымен жабдықталған. Біздің әйгілі родстер одан да жақсарды.

Үлгі артықшылықтары

Сіздің родстеріңіз, сіздің стиліңіз.

Мотоциклдің негізгі түсі – Black Storm metallic – барлық уақыттағы классика. Сонымен қатар енді сізге HP спорттық стилі және Exclusive талғампаз стилі, сондай-ақ BMW Motorrad Spezial желісінің Option 719 эксклюзивті бояуы қолжетімді.

Екі цилиндрлі оппозитті қозғалтқыш

Технология жаңа қозғалтқышқа бүкіл айналым диапазонында әдеттегіден көп тарту күшін қамтамасыз етеді. Газ тарату фазалары мен клапандардың көтерілу биіктігін реттеу мүмкіндігі, сондай-ақ 1254 тек.см дейін ұлғайтылған көлемі арқасында қозғалтқыш 136 а.к. және 143 Нм қамтамасыз етеді.

Dynamic ESA бейімделетін шассиі.

Жүктемеге қарамастан, аспа кез келген жол төсемінде жақсартылған жайлылықты, тұрақтылықты және басқару қабілетін қамтамасыз етеді. Жүйе бәсеңдету сипаттамалары мен алдын ала керілісті автоматты түрде реттейді.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

Отын багының пайдалы көлемі 15,5 л
Жүктемесіз салмағы, отын толтырып құйылған 261 кг
Ең жоғары жүктеме (стандарт жинақтамада) 184 кг
WMTC стандарты бойынша 100 км-ға отын шығыны 4,75 л
Ең жоғары қуат 100 кВт (136 а. к.) 7 750 айн/мин

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.