BMW F 850 GS ADVENTURE.

ӘЛЕМ ШЫТЫРМАН ОҚИҒАЛАРҒА АШЫҚ.

Сұраныс қалдыру
BMW F 850 GS ADVENTURE.

Бастан кешірмеген нәрсе – бұл бізді нақты қызықтыратын нәрсе. Үнемі алға жылжу және жаңаны іздеу. Жол ма, жолсыз жерлер ме – маңызды емес! Тек саяхат қана маңызды. Шынымен алыс сапарға шығыңыз! BMW F 850 GS сізге жаңа көкжиектер ашады және әрқашан жаңа шытырман оқиғалар мен жолдарға дайын – қайда барсаңыз да, маңызды емес. Бұл ұзақ және күрделі бағдарлар бойынша саяхаттауға арналған мотоцикл нағыз тұңғыш ашушылар үшін жасалған. Бірде-бір мақсатқа қол жеткізуді мүмкін емес және бірде-бір қашықтықты – тым алыс деп көрмейтіндер үшін. Біздің орасан зор әлемімізді сенімді, берік және қуатты жолдасыңыз: жаңа F850GS Adventure-мен бірге ашыңыз.

Үлгі артықшылықтары

Шабыт – бұл жаңалыққа деген құштарлық.

Бұл мотоцикл әлемді жаулап алуды армандайды, ал оның қуаты 95 а.к. екі цилиндрлі жаңа буын қозғалтқышы планетаның кез келген жерінде жеткілікті тарту күшін қамтамасыз етеді. Қуаттан басқа, жаңа мотор бірқалыпты жұмысымен және ерекше дыбысымен, әсерлі жауап қайтаруымен және өте қалыпты отын шығынымен ерекшеленеді.

Нағыз саяхатшылар үшін жасалған

Ол кез келген қиындыққа дайын: F 850 GS Adventure әлемнің кез келген жерінде өзін үйдегідей сезінеді. Жаңа F850GS Adventure қорғаныс доғаларымен жабдықталған және стандартты жинақтамасында багаж жүйесін бекітуге арналған доғалары болады. Сізге тек кофрларды таңдау, оларды тиеп алып, жолға шығу қалады!

Өз стиліңізді таңдаңыз

Жаңа F 850 GS Adventure бойына GS сериясына тән барлық ерекшелікті сіңірді, бұны ерекше мүсінінен оңай байқауға болады. Бактың орындық пен руль арасында орталық орналасуы оңтайлы салмақ үлестіруді, сонымен қатар мотоциклдің артқы бөлігінің әдемі пішінін қамтамасыз етеді.

Эргономика

F 850 GS Adventure эргономикасы бүкіл әлем бойынша ұзақ сапарларға шабыттандырады. Сериялық жинақтамаға кіретін орындықтың 875 мм биіктігі ұзақ бағдарлы сапар үшін өте қолайлы. Биіктігі әртүрлі орындықтардың кең спектрі оңтайлы орындықты таңдауға мүмкіндік береді.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

Отын багының пайдалы көлемі 23 л
Жүктемесіз салмағы, отын толтырып құйылған 244 кг
Ең жоғары жүктеме (стандарт жинақтамада) 211 кг
WMTC стандарты бойынша 100 км-ға отын шығыны 4,1 л
Ең жоғары қуат 70 кВт (95 а.к.) 8 250 айн./мин

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.