Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
Алдыңғы бөліктің дизайны

Алдыңғы бөліктің дизайны

BMW M3 Competition алдыңғы жағының негізгі элементіне максималды қарқын әсерін беретін ұстамды дизайндағы М радиаторының айқын торы кіреді. Бренд тарихында алғаш рет жақтаусыз дизайнмен жасалған қара түсті тор өзіне тән екі көлденең М ламелімен ерекшеленеді және жоғары айналымды М күштік агрегатын салқындату үшін максималды ауа ағынын қамтамасыз етеді. Алдыңғы жақтың атлетикалық дизайнын радиатор торымен түйісетін жіңішке фаралар, сондай-ақ трапеция пішініндегі ірі орталық ауа тартқыш аяқтайды.

Бүйірлік бөліктің дизайны

Бүйірлік бөліктің дизайны

Мінсіз дәлденген пропорциялардың және айқын төрт есікті үш көлемді дизайнның арқасында алдыңғы, ішкі және артқы бөлігі анық бөлінген BMW M3 Competition сұлбасы спорттық және қарқынды әсер қалдырады. Автоспорттан шабыттандырылған қара карбон төбе мен аэродинамика тұрғысынан оңтайландырылған табалдырық автокөлікті визуалды түрде ғана емес, расымен де жолға жақын орналастырады. Модель логотипі бар M ауа өткізгіштері, құрама М тежегіштері бар тиімді шыңдалған M дискілері және екі доға тәрізді түптері бар M фирмалық ди?

Күңгірт, өлшемі әртүрлі шиналары бар 19"/20" M Double-spoke 825 M Orbit Grey шыңдалған дискілері

Күңгірт, өлшемі әртүрлі шиналары бар 19"/20" M Double-spoke 825 M Orbit Grey шыңдалған дискілері

Ажарланған, өлшемі әртүрлі шиналары бар 19"/20" М Double-spoke 825 M Bicolour Orbit Grey шыңдалған дискілері 275/35 R19 шиналары бар 9,5J x 19 алдыңғы дискілері, 285/30 R20 шиналары бар 10,5J x 20 артқы дискілері.

Карбон төбе

Карбон төбе

Көміртекті пластиктен (CFRP) жасалған төбе – BMW intelligent Lightweight интеллектуалды жеңіл конструкциясы тұжырымдамасының құрамдас бөлігі және ол автокөлік массасы мен ауырлық орталығының төмендеуіне ықпал етеді. Бұл бұрылыстарда, үдетуде және тежеуде маневр мен қарқынның жақсаруына әкеледі.

Артқы бөліктің дизайны

Артқы бөліктің дизайны

BMW M3 Competition артқы бөлігі автокөліктің бүйір жағының спорттық және қарқынды дизайнын үйлесімді жалғастырады. Ірі дөңгелек аркаларымен үйлескен М ерекше жүріс бөлігінің кең жолтабаны модельдің жарыс амбицияларына нұсқайтын көзге түсер көрініс жасайды. Ал қара түсті хромдалған әрлемесі бар фирмалық екі М газ шығаратын келтеқұбыры мен түсі «Жылтыр қара» әсем спойлер жиегі спорттық седанның эксклюзивті сипатын айрықша етеді.

Салон дизайны

Салон дизайны

M Sport орындықтары

M Sport орындықтары

Реттеудің түрлі мүмкіндіктері бар M Sport орындықтары пішіні бойынша шөмішке ұқсайды және олардың ішінара біріктірілген бассүйегіштері бар. Орындықтар сізді және алда отырған жолаушыны бүйірден тамаша ұстап тұрады. Бұдан басқа арқалық енін жеке реттеуге болады. Жарықтандырылған «М3» логотипі бар ерекше сыртқы түрі автокөліктің спорттық сипатын айрықша етеді.

Былғарымен қапталған М рулі

Былғарымен қапталған М рулі

Бас бармаққа арналған эргономикалық тіреуіштері бар былғарыдан жасалған M рулі спорттық стильдің айтқысыз әсері мен жолда толық басқаруға мүмкіндік береді. Кірістірілген көп функция әртүрлі мультимедиалық және қосалқы жүйелерді басқаруға мүмкіндік береді. M1/M2 қызыл түймелерін екі жеке M Drive конфигурациясының бірін белсендіру үшін пайдалануға болады.

BMW М TwinPower Turbo қатарлы 6 цилиндрлі бензин қозғалтқышы

BMW М TwinPower Turbo қатарлы 6 цилиндрлі бензин қозғалтқышы

6 цилиндрлі қатарлы BMW M TwinPower Turbo бензин қозғалтқышы М дыбысты қозғалтқыштарына тән керемет жауап берумен ерекшеленеді. Әрқайсысында бір «ұлуы» бар екі турбоүдеткіш, тікелей жоғары дәлдікпен бүрку, клапандар жүрісін және газ тарату фазаларын реттейтін сатысыз жүйе тамаша қарқынды қамтамасыз етеді.

Drivelogic басқару бағдарламасы бар 8 сатылы M Steptronic автоматты беріліс қорабы

Drivelogic басқару бағдарламасы бар 8 сатылы M Steptronic автоматты беріліс қорабы

Drivelogic басқару бағдарламасы бар 8 сатылы M Steptronic АБҚ берілістерді ауыстырудың көптеген алгоритмдерімен ерекшеленеді: максималды қарқынды, айрықша ыңғайлы, сондай-ақ бірқалыпты және үнемді. Берілістерді беріліс селекторының тұтқасы немесе руль астындағы құлақшалар арқылы қолмен өзгертуге немесе үш түрлі Drivelogic автоматты басқару бағдарламасының бірін таңдауға болады.

M xDrive жүйесі

M xDrive жүйесі

Белсенді M дифференциалы бар M xDrive* толық жетек жүйесі күнделікті қолдану кезінде де, жарыс жолдарында да жол бетіне максималды ілінісуге және жоғары динамикаға кепілдік береді. Қосымша M бірегей технологиясы артқы жетектің орналасуына тән маневрлікті толық жетекті автокөліктерге тән тұрақтылығымен біріктіреді. Сіз үш жүргізу режимінің біреуін таңдай аласыз: 4WD, 4WD Sport және – DSC өшірулі кезде – 2WD. *M xDrive шамамен 2021 жылдың жазынан бастап ұсынылады.

Қызыл түсті суппорттары бар М құрама тежеу жүйесі

Қызыл түсті суппорттары бар М құрама тежеу жүйесі

М құрама тежеу жүйесі керемет баяулатуды, ерекше тұрақтылықты қамтамасыз етеді және әртүрлі айрықша төзімді материалдарды пайдаланудың арқасында салмағының аз болуымен ерекшеленеді. «М» логотипі бар «Жылтыр қызыл» түсті тежегіш супорттары тиімділігі жоғары тежеу жүйесіне айқын спорттық көрініс береді.

Көміртекті керамикалық M тежеу жүйесі

Көміртекті керамикалық M тежеу жүйесі

М карбон-керамикалық тежеу жүйесі – автоспорттан инновациялық технологияларды алу нәтижесі. Ол автокөлік салмағының жеңілдеуіне ықпал етеді, ал ол, өз кезегінде, маневрлікке, қарқынға және үдеуге оң әсер етеді. Бұл жүйені «M» логотипі бар алтын-күңгірт суппорттардан және карбон-керамикалық тежегіш дискілерінен оңай тануға болады. Материалдың ерекше қасиеттері тежеу кезінде шуылдарға әкелуі мүмкін, мысалы, ұзақ уақыт төмен жүктеме жағдайында немесе тұрақтан кейін бірден ылғалды ауа райында жүрге

M Sport пайдаланылған газдарды шығару жүйесі

M Sport пайдаланылған газдарды шығару жүйесі

M Sport пайдаланылған газ шығару жүйесі динамикалық дыбыс шығарады, оны ауа шығару жүйесіне енгізілген басқару клапаны арқылы өзгертуге болады. SETUP түймесі арқылы іске қосылған SPORT және SPORT+ режимдерінде қозғалтқыштың әлдеқайда қарқынды дыбысы пайдаланылады, ал жайлылыққа бағытталған режимде дыбыс тыныш болады.

Смартфонды кіріктіру

Смартфонды кіріктіру

Енді сізге BMW автокөлігін басқарған кезде смартфонның функцияларынан бас тартудың қажеті жоқ. Смартфонды кіріктіру Apple CarPlay және Android Auto қолданбаларын смартфонның сымсыз қосылысымен қолдау арқылы автокөлігіңіздің функционалдығын кеңейтеді. Бұл барлық таныс функция мен әртүрлі қолданбаларды тікелей автокөлікте барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.

Сымсыз қуаттау мүмкіндігі бар телефония

Сымсыз қуаттау мүмкіндігі бар телефония

Сымсыз қуаттау мүмкіндігі бар телефония жүргізуші үшін де, алдыңғы жолаушы үшін де дауыс зорайтқыш байланыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін сымсыз зарядтау док-станциясы мен екінші микрофонды қамтиды. Төбеге орнатылған күшейткіші бар антенна мобильді байланыс сигналын жақсы қабылдауды қамтамасыз етеді. Bluetooth жүйесінің көмегімен бір уақытта екі ұялы телефон мен аудиоплеерді қосуға болады.

M Drive Professional

M Drive Professional

Трекке қатысу күні ме әлде жоспарланбаған дрифт-сессия ма? M Drive Professional жүйесі адреналиннің жоғары дозаларына толы әрбір сапарда тамаша серік болады. M Laptimer және M Drift Analyser функциялары сізге оңтайлы жол жүру уақытына немесе тайғақ бұрыштарды қиындықсыз жүріп өтуге көмектеседі, ал M TRACK режимі және M Traction Control 10 сатылы тартуды басқару жүйесі автокөліктің сипаттамаларын жеке қалауыңызға қарай реттеуге мүмкіндік береді.

Professional көлік жүргізу көмекшісі

Professional көлік жүргізу көмекшісі

Professional көлік жүргізу көмекшісі бір сарынды қозғалыс жағдайында да, жолдың күрделі жағдайларында да оңтайлы жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Стандартты көлік жүргізу көмекшісінің функциясынан басқа, оған бұру көмекшісі және жетілдірілген функциялары бар қозғалыс жолағын бақылау жүйесі, шұғыл тоқтату көмекшісі, сондай-ақ бүйірлік соқтығысудан белсенді қорғанысы бар жолақта ұстау жүйесі кіреді.

Plus тұраққа қою көмекшісі

Plus тұраққа қою көмекшісі

Plus тұраққа қою көмекшісі автокөлікті тұраққа қою кезінде маневр жасауды жеңілдетеді. Оған айнала шолу жүйесі, соның ішінде үстіңгі көрініс, панорамалық көрініс және қашықтан 3D-көрініс, сондай-ақ тұраққа перпендикуляр қоюға көмектесу жүйесі, белсенді апаттық жақындау туралы сигнал беру жүйесі, шұғыл тежеу функциясы, параллель және перпендикуляр тұраққа қою көмекшісі және артқа жүру көмекшісі кіреді.

Сипаттамалары мен бағалары

Сұраныс қалдыру
Тест-драйв қызметіне жазылу

BMW M3

img