Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
Керемет эстетика

Керемет эстетика

Стиль, сенімділік және күшті мінез: 8-ші сериялы BMW Кабриолет бір көргеннен таңғалдырады. Сызығы купе төбесі сияқты біртіндеп төмен түсетін, ұзартылған капоттан және тегіс, жұмсақ үстіңгі бөлігінен бастап шанақтың жарқын артқы жағына дейінгі сәнді кабриолет силуэті еркіндік және спорт аурасымен көмкерілген. 20 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер мен Chrome Line сыртқы әрлеу топтамасының элементтері әсерлі көріністі әдемі көрсетеді.

Лазерлік фаралар

Лазерлік фаралар

Алға сенімді көзқарас: жарқыраған алтыбұрышты элементтері мен дизайнерлік көк екпіндері бар BMW Laserlight лазерлік фаралары 8-ші сериялы BMW Кабриолет нұсқасының алдыңғы бөлігіне ерекше көрініс беріп, қарқынды сипатты айқындай түседі. Шалғай жарық режимінде лазерлік фаралар көру мүмкіндігін жақсартады және автокөліктің бейнесін одан да жарқын әсерлі етеді, сондай-ақ 600 метрге дейінгі аумақты жарықтандырады, ал бұл әдеттегі фаралардың жарық түсіру қашықтығынан екі есе көп.

M Carbon сыртқы әрлеу топтамасы

M Carbon сыртқы әрлеу топтамасы

Жоғары технологияны өзіндік ерекшеліктерге айналдыру: M Carbon сыртқы әрлеу топтамасы M Sport топтамасымен бірге 8-ші сериялы BMW Кабриолет нұсқасының сенімді спорттық сипатын керемет қайта түрлендіруге мүмкіндік береді. Шанақтың артқы жағында оптикалық түрде диффузор ерекшеленіп тұр, оның пайдаланылған газ шығару құбырларында өткір контурлар мен карбон жиектері бар. Дизайнның ірілігі алдыңғы бампердегі бүйірлік ауа тартқыштарды, ауа тартқыш торындағы орталық элементті және түпнұсқа карбоннан жасалған артқы к?

Жаңа спорттық стильді жариялау

Жаңа спорттық стильді жариялау

Екі әлемнің ең жақсысы: 8-ші сериялы BMW Кабриолеттің ішкі кеңістігі – бұл жарыс болидінің теңдессіздігімен ұштасқан «люкс» санатындағы автокөліктің жайлылығы мен эксклюзивтілігінің ерекше үйлесімі. Тамаша таңдалған материалдар мен құрастырудың жоғары сапасы сән-салтанат атмосферасын жасайды, ал оны спорттық мәнерде минималистік көркемдеу тәсілімен біріктіру ұмытылмас әсер қалдырады. Жабдықтың түстері мен нұсқаларының кең ауқымы даралықты білдіруге барынша мүмкіндік береді. Қандай опцияны таңдасаң?

Merino BMW Individual былғарысымен әрленген кең топтамасы

Merino BMW Individual былғарысымен әрленген кең топтамасы

Сән-салтанат бұрын-соңды мұндай сезімдерді берген емес: Merino BMW Individual былғарысымен әрленген кең топтамасы интерьерді қосымша жақсартып, оған бірегей сипат береді. 8-ші сериялы BMW Кабриолеттің эксклюзивті интерьері үшін қара түсті нұсқадан бастап коньяк және піл сүйегі реңктеріне дейінгі стильді түстер шешімдерінің кең спектрі ұсынылады. Кереғар түстердің екі түсті әрлемесі көмегімен жарқындылық беруге болады.

Crafted Clarity әйнек аппликациялары

Crafted Clarity әйнек аппликациялары

Әрбір жаңа бөлшек көз жауын ала түсетін: көгілдір түсті CraftedClarity әйнекті әрлемесінің нақты контурлары спорттық интерьерге ерекше бір әсемдік береді. Берілісті ауыстыру тұтқалары, орталық консоль контроллері, аудиожүйені басқару құралдары мен Start/stop түймелері әрлемесіндегі элементтерінің айқын пішіндері жарқыраған жылтырмен ерекшеленеді және өзгеше тактильді сезім сыйлайды. Заманауи дизайн үйлесімінде олар автокөліктің спорттық сән-салтанатын жаңа сапада көруге мүмкіндік беретін бірегей атмосфераны ?

Қуаттылық пен үдеу симфониясы

Қуаттылық пен үдеу симфониясы

Максималды динамика, максималды қуат, максималды ләззат — 8-ші сериялы BMW Кабриолет автокөлігі рекордтық уақыт ішінде жүрек соғысын жиілетуге және еркіндік сезімін шегіне жеткізуге қабілетті. Жол неғұрлым ирек болса, жүргізу әсері соғұрлым жарқын болады. Автоспорттан алынған техникалық шешімдер арқасында «люкс» класындағы спорттық кабриолет жоғары қуат пен тамаша басқарылу мүмкіндігін алды. Керемет сипаттамалар көлемі 4,4 литрлік, қуаты 530 а.к., жоғары айналымдарда тиімді салқындату жүйесі бар 8 цилиндрлі

8 цилиндрлі бензин қозғалтқышы

8 цилиндрлі бензин қозғалтқышы

Стандарттарды орнату технологиясы және өнімділігі: 8-ші сериялы BMW Кабриолет автокөлігіне орнатылған көлемі 4,4 литрлік, қуаты 530 а.к. 8 цилиндрлі TwinPower Turbo бензин қозғалтқышы динамика мен жоғары тиімділіктің бірегей үйлесімімен ерекшеленеді. 750 Нм айналдыру моментін беретін күштік агрегат әр сапардан максималды ләззатты сыйлайды. Ауаны жанама салқындату жүйесі мен 350 барға дейін бүрку қысымы бар газ шығару жүйесімен басқарылатын екі турбоүдеткіш шығыс қуатты оңтайландыруға және күштік агрегат тиімділігін

Жүріс бөлігінің прогрессивті технологиялары

Жүріс бөлігінің прогрессивті технологиялары

8-ші сериялы BMW Кабриолет автокөлігінің әрбір бөлшегі максималды спорттық көріністі жасауға арналған. Артқы осьті бақылау функциясы бар белсенді руль жылдамдықта да, ирек жолдарда да керемет маневрлікке кепілдік береді. Сонымен қатар модельдің стандартты жинақтамасына M sport дифференциалы және әртүрлі жағдайларда оңтайлы тарту мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін түрлі өлшемдегі спорттық шиналары бар BMW xDrive интеллектуалды толық жетек жүйесі кіреді. Кішірейтілген жол саңылауы, шанақ констру?

Сенсорлы және дауыспен басқарылатын MW COCKPIT PROFESSINAL жүйесі

Сенсорлы және дауыспен басқарылатын MW COCKPIT PROFESSINAL жүйесі

Максималды жайлылық пен қауіпсіздікке арналған DRIVING ASSISTANT PLUS пакеті

Максималды жайлылық пен қауіпсіздікке арналған DRIVING ASSISTANT PLUS пакеті

Сипаттамасы мен бағалары

car

BMW 840i xDrive

Бензиновый
Автомат
Полный привод
69 419 516 тг
Өтінім қалдыру
Сұраныс қалдыру

BMW 8 серия Cabrio

img