Құпиялық саясаты және төлем шарттары

I. Төлемдер.

1. Банктік картамен онлайн төлеу

“Auto Center Astana Motor” ЖШС компаниясы (бұдан әрі «Тауар сатушылар» немесе «Тауар сатушы») интернет-эквайрингке қосылған, оның көмегімен сіз таңдаған тауарды Тауар сатушының интернет-сайтында (бұдан әрі «Сайт») халықаралық төлем жүйелерінің банк картасымен төлей аласыз. Тауарды таңдағаннан және оны сатып алатыныңызды растағаннан кейін сізге Тауар сатушыға қызмет көрсететін банктің процессингтік орталығының (бұдан әрі «Банк») төлем бетіне (бұдан әрі «Төлем беті») сілтеме жіберіледі.

Тауар ақысын төлеу үшін Төлем бетінде банк картасының деректерін енгізу қажет. Картаны ұстаушыны қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы пайдаланылады. Егер Эмитент-банкіңіз бұл технологияны қолданатын болса, сіз қосымша сәйкестендіруден өту үшін оның серверіне бағытталасыз. Қағидалар мен қосымша сәйкестендіру әдістері туралы ақпаратты уәкілетті Эмитент-банкіңізден нақтылаңыз.

Онлайн-төлем қызметі халықаралық төлем жүйелері қағидаларына сәйкес төлем жасаудың құпиялығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаты бойынша жүзеге асырылады, бұл үшін ең соңғы тексеру, шифрлау және жабық байланыс арналары арқылы деректерді беру әдістері пайдаланылады. Банктік картаның деректері процессинг орталығының төлем бетіндегі қорғалған терезеге енгізіледі.

Төлем бетінің жолына картаның нөмірін, карта иесінің аты-жөнін, картаның қолданылу мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу керек. Барлық қажетті дерек банктік картаның бетінде көрсетілген. CVV2/ CVC2 — банктік картаның сырт жағындағы үш таңбалы қауіпсіздік коды.

Әрі қарай осы терезеде 3-D Secure кодын енгізу үшін Эмитент-банкіңіздің беті ашылады. Егер сізде тұрақты 3-D Secure коды бапталмаған болса, код телефон нөміріңізге SMS арқылы жіберіледі. Егер 3-D Secure коды келмесе, онда сіз Эмитент-банкке хабарласуыңыз керек.
3-D Secure — бұл интернет желісіндегі карталар бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ең заманауи технология. Операцияны жүзеге асыратын карта иесінің түпнұсқалығын бірден сәйкестендіруге және карта бойынша алаяқтық операциялар қатерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

2. Қауіпсіздік кепілдіктері

Сіздің банктік картаңыздың деректерін тек Банк қана көреді. Тауар сатушысы төлем бетіне және сіздің деректеріңізге қол жеткізе алмайды. 

Банктің процессинг орталығы сіздің банктік картаңыздың деректерін қорғап, PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша өңдейді. Ақпаратты төлем шлюзіне беру SSL шифрлау технологиясын пайдаланып жүргізіледі. Одан әрі ақпарат сенімділік деңгейі жоғары банктік жабық желілер бойынша беріледі. Банк сіздің картаңыздың деректерін өзге үшінші тұлғаларға бермейді. Банктік карта иесін қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы пайдаланылады.

Егер сізде банк картасы арқылы тауар құнын төлеуге немесе жасалған төлем бойынша немесе сайттың жұмысына қатысты өзге де мәселелер бойынша сұрақтарыңыз болса, Тауар сатушының клиенттерге қолдау көрсету қызметіне тікелей хабарласуыңызға болады, байланыс деректері оның сайтында орналасқан.

3. Онлайн төлемдердің қауіпсіздігі

Сіз ұсынған дербес ақпарат (аты-жөні, телефон, e-mail, кредит банк картасының нөмірі) құпия және ол жария етілмеуі тиіс. Банктік картаңыздың деректері банкке тек шифрланған түрде беріледі және Тауар сатушыда сақталмайды.

Банк интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне кепілдік береді. Банк карталарымен барлық операция халықаралық төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Төлем бетінде ақпаратты берген кезде карточка арқылы жасалатын онлайн-төлемдер қауіпсіздігі бойынша арнайы технологиялар пайдаланылады, деректерді өңдеу Банктің процессингтік орталығының қауіпсіз жоғары технологиялы серверінде жүргізіледі.

Банк карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі:

  • Төлем бетіндегі авторландыру жүйесі сатып алушыға оның банктік картасының төлем деректемелері (нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспейтініне кепілдік береді, өйткені бұл деректер авторландыру серверінде сақталмайды және ұрлануы мүмкін емес.
  • Сатып алушы өзінің төлем деректерін тікелей банктің төлем бетінің авторландыру жүйесіне енгізеді, сондықтан сатып алушының банк картасының төлем деректемелері үшінші тұлғаларға қолжетімді болмайды.

4. Ақшалай қаражатты қайтару

Банктік картаға ақшалай қаражатты қайтару үшін Тауар сатушыға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса тіркей отырып, «Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті» толтыру керек.

Ақшалай қаражатты тауардың сапасына қатысты негізделген шағымдар немесе Тауар сатушымен жасалған жеке жазбаша келісімде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де негіздер болған жағдайда Тауар сатушы «Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті» алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде банк картасына қайтарады.

Қате жүргізілген операциялар бойынша ақшалай қаражатты қайтару үшін ақша қаражатын алушыға жазбаша өтінішпен хабарласып, жеке басын куәландыратын құжаттың және қате есептен шығаруды растайтын чектердің/түбіртектердің көшірмелерін қоса тіркеу керек.

Өтінішті қарау және ақшалай қаражатты қайтару мерзімі Тауар сатушы (ақша қаражатын алушы) жоғарыда көрсетілген қосымшасы бар тиісті өтінішті алған сәтінен бастап есептеле бастайды және мереке/демалыс күндері есепке алынбайтын жұмыс күндерімен есептеледі.

5. Төлем жасаған кезде бас тарту себептері:

  • банктік карта интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, бұл туралы Эмитент-банкке хабарласып, біле аласыз;
  • төлеу үшін банктік картада қаражат жеткіліксіз. Төлем картасында қаражаттың бар-жоғы туралы толығырақ банктік картаны шығарған банкке хабарласып, біле аласыз;
  • банктік картаның деректері дұрыс енгізілмеген;
  • банктік картаның қолданылу мерзімі өтіп кеткен. Картаның қолданылу мерзімі, әдетте, банктік картаның беткі жағында көрсетілген (бұл ай және жыл, карта осы мерзімге дейін қолданылады). Сіз картаның қолданылу мерзімі туралы толығырақ Эмитент-банкіңізге хабарласып, біле аласыз.

II. Құпиялық

1. Жалпы ережелер

Осы құпиялық саясатының нормалары (бұдан әрі Саясат) пайдаланушылардың Сайтты пайдалану процесінде Тауар сатушыға немесе сайт әкімшісіне белгілі болуы мүмкін кез келген ақпаратқа (дербес деректерге) қатысты қолданылады. Сайттың қызметі ашық сипатқа ие. Сайтты (кез келген көлемде, түрде және т.б.) пайдалану мұндай пайдаланушының осы Құпиялық саясатының талаптарымен және мұндай пайдаланушының дербес деректерін өңдеу тәртібімен толық келісетінін білдіреді. Осы Құпиялық саясатының акцепті – Сайтпен танысуға және/немесе оның функционалын пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер, сондай-ақ Сайт әкімшілігі Сайтты немесе оның функционалын пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер деп қабылдауы мүмкін іс-әрекеттер. Пайдаланушы Құпиялылық саясатының нормаларында қамтылған ережелермен келіспеген жағдайда ол Сайтты пайдалануын тоқтатуға міндетті. Пайдаланушының Сайтты кез келген қолдануы оның осы Саясаттың барлық ережесімен толық келіскенін және талаптарын қабылдағанын білдіреді. Бұл Саясат тек Сайтқа ғана қолданылады.

Сайт әкімшілігі Сайтта қолжетімді сілтемелер бойынша Пайдаланушы өтуі мүмкін үшінші тұлғалардың интернет-ресурстарын бақыламайды және олар үшін жауапкершілік көтермейді.

Сайт әкімшілігі Пайдаланушының Сайтқа беретін дербес деректерінің шынайылығын тексермейді, бірақ мұндай дербес деректердің шынайылығына мониторинг жүргізу құқығын сақтап қалады.

Егер осы Саясаттың бір немесе бірнеше ережесінің өз күші жойылса немесе жарамсыз болып қалса немесе заңды күші жоқ деп есептелсе, бұл осы Саясаттың қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді. Пайдаланушы өзгерістердің бар-жоғына осы Саясатты тексергені үшін дербес жауапкершілік көтереді. Сайт әкімшілігі алдын ала және кейіннен хабарламай, кез келген уақытта жеке өзінің қалауы бойынша осы Саясатты өзгерту немесе толықтыру құқығын сақтап қалады. Саясаттың өзгертілген редакциясы www.bavaria-astana.kz сайтында орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

Сайт Интернетте іске асырылатын қосылыстардың жалпы принциптеріне байланысты берілетін және жүйелік логтарда (мысалы, IP мекенжайы) қамтылған деректерді басқару үшін оларды техникалық мақсаттарда пайдаланады. Одан бөлек, IP-мекенжайлар статистикалық және демографиялық (мысалы, қай өңірден қосылғаны туралы) деректерді жинау үшін пайдаланылады. Сайт жеке қажеттіліктер мен қызығушылыққа сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсету және контент ұсыну үшін cookies пайдалануы мүмкін. Браузерден cookies файлдарын өшіру Сайтты пайдалануды блоктамайды, бірақ белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондай-ақ cookies файлдары сервистеріміздің пайдаланылуы туралы статистикалық мәліметтерді жинау үшін пайдаланылады.

БАСҚА ИНТЕРНЕТ-САЙТТАРҒА СІЛТЕМЕЛЕР

Тауар сатушы Сайтқа орналастырылған сілтемелер арқылы Пайдаланушы өткен басқа сайттардың (соның ішінде Серіктестердің сайттарының) иелері немесе әкімшілері қолданатын деректерді қорғау саясаты үшін жауапкершілік көтермейді. Біз деректерді енгізбей тұрып, тиісті сайттарда орналастырылған деректерді қорғау туралы өтініштердің мазмұнымен танысуды ұсынамыз.

ПАЙДАЛАНУШЫҒА ЖІБЕРІЛЕТІН МӘЛІМЕТТЕР (хабарламалар, хабарландырулар)

Сайтта өз нөміріңізді қалдыра отырып, сіз Тауар сатушыдан таңдаған тауарыңыз бойынша ақпаратты, сондай-ақ Тауар сатушы ұсынатын акциялар, тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер туралы өзге де жарнамалық ақпаратты алуға толық келісім бересіз.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

Біз осы Саясатты сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, алайда біздің билігімізден тыс факторлар әсер етіп, әрекеттің нәтижесінде ақпарат жария етілген жағдайда ақпараттың сақталуына кепілдік бере алмаймыз. Біз Сайтқа кіруді шектеуден келтірілген жағымсыз салдар, сондай-ақ кез келген шығын үшін жауапкершілік көтермейміз.

ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

Пайдаланушы мен Сайт әкімшілігінің арасындағы қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап-арызбен сотқа жүгінгенге дейінгі міндетті шарт — бұл 1) келіссөз жүргізу. Егер даулы жағдай бойынша келісімге қол жеткізілмесе, онда 2) дауды ерікті түрде реттеу туралы жазбаша ұсыныс беріледі. Шағымды алушы шағымды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде шағым білдірушіге шағымды қарау нәтижесі туралы жазбаша хабарлайды. Тараптар шағым хаттарын адресатқа оның табысталғаны туралы хабарлау арқылы курьермен немесе тапсырысты пошта жөнелтімімен тараптардың орналасқан жеріне жолдайды. Тараптардың шағым хаттарын өзге тәсілдермен жолдауына жол берілмейді. Келісімге келе алмаған жағдайда дау ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сайт әкімшілігінің орналасқан жері бойынша сот органдарының қарауына беріледі. Осы Саясатқа және Пайдаланушы мен Сайт әкімшілігінің арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.

2. Байланыс деректері

Осы Саясатқа қатысты мәселелер бойынша info.astana@bavaria.kz мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз.