Ұсақ тастар мен ағаш бұтақтарынан түскен сызаттар, реагенттерден пайда болған дақтар, нашар жолдар – сіздің автокөлігіңіз күн сайын көптеген кедергілерден өтеді. Шанақ және басқа бөлшектердің бетіндегі «оқыс тиген» сызаттардан құтылу, сондай-ақ болашақта олардың пайда болуына жол бермеуге автокөлік детейлингі көмектеседі.

Детейлинг автокөліктің қызмет ету мерзімін ұзартуға, сондай-ақ әрі қарай сату кезінде көлік құралының құнын арттыруға көмектеседі. Мұқият күтім жасау әсіресе көшеде көп тұратын және қоршаған орта факторларының жойқын әсеріне ұшырайтын автокөлікке қажет.

ДЕТЕЙЛИНГ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • Сыртқы түрі. Детейлинг сіздің автокөлігіңіздің бастапқы жылтырлығы мен жайнауын барынша сақтайды.
  • Сыртқы әсерлерден қорғаныс. Автокөліктің ұзақ сақталуы мен оның пайдаланылу мерзімін ұзарту қорғау шараларына тікелей байланысты. Детейлинг автокөлікті сызаттар, торлар, коррозия, ластану және басқа да сыртқы ортаның зақымдауы сияқты сыртқы әсерлерден қорғайды.
  • Қаражат үнемдеу. Шанақтың және басқа бөлшектердің детейлингі кезінде қолданылатын қорғаныс наножабыны автокөлік бояуының  оңып кетуіне әкелетін күн сәулесінің әсерінен, сондай-ақ сызаттардан сақтауға көмектеседі. Сізге қайта бояуға және қалпына келтіруге қаражат жұмсаудың қажеті жоқ.

ДЕТЕЙЛИНГ АЯСЫНДА МЫНА ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНАМЫЗ:

  • Лак-бояу жабындарын, дискілерді, терезелерді, фараларды, хром мен пластиктен жасалған бөлшектерді кәсіби тазалау және жылтырату, әрі қарай оларға арнайы қорғаныш құрамдарын жағу
  • Салонды толық химиялық тазалау және интерьер материалдарына қорғаныш компоненттерін жағу
  • Есік ойықтары мен резеңке тығыздағыштарды кірден және шаңнан тазарту
  • Қозғалтқыш бөлігін тазалау және күту
  • Автокөлікке қорғаныш үлдір жапсыру
  • Терезелерді қараңғылау
  • Шанақты жылтырату
  • Керамикалық қорғаныс
  • Алдыңғы әйнекті құрыштау
  • Қорғаныс наножабыны
  • Қиыршық тасқа қарсы қорғаныс
  • Шудан оқшаулау

Кеңес алу үшін кеңес алуға өтінім қалдырыңыз немесе мына телефон арқылы хабарласыңыз: 8 7172 57 61 61.

Өтінім қалдыру