2012 жылдың сәуір айында «Астана Моторс» ҚМК (компаниямен сілтеме бойынша таныса аласыз) Қазақстан елордасында премиум-класты «Бавария Астана автоорталығы» дилерлік орталығын ашты.

BMW Group концернінің «Бавария – Астана автоорталығында» кең ауқымды өнім желісі ұсынылған: BMW және MINI автокөліктері, BMW Motorrad мотоциклдері.

«Бавария Астана автоорталығы» елорданың сол жағалауындағы беделді іскерлік бөлімде орналасқан. «Астана Моторс» ҚМК барлық автоорталығы сияқты, ол «үш S» қағидаты бойынша жұмыс істейді: Sales (автокөліктерді сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату).

«Бавария Астана автоорталығының» жалпы ауданы 1500 ш.м. құрайды.

Оның құрамына шоурум, сервистік аймақ, қосалқы бөлшектер қоймасы, көлік жуу және кеңсе ғимараттары кіреді. Құрылысқа салынған инвестиция көлемі $4 млн құрады.

Автоорталықтың жайлы клиенттік аймағы қонақтарға автокөлікті рәсімдеуге немесе қызмет көрсетуге қажет уақытын жайлы өткізуге мүмкіндік береді. Сервистік аймақта автокөліктің қозғалтқышына, жүріс бөлігіне және электр бөлшектеріне техникалық қызмет көрсету, диагностикалау, жөндеу сияқты қызметтердің толық кешені ұсынылады.

Автоорталық BMW концернінің ең жаңа стандарттары бойынша салынған. «Бавария Астана автоорталығы» бірегей жобасының авторы – көрнекті неміс сәулетшісі Ян Дебелиус. Автоорталықтың кең шоурумында Қазақстанға жеткізілетін BMW автокөліктерінің барлық модельдер қатары ұсынылған, сондай-ақ мұнда түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды таңдауға болады.

Кущ Антон
Директор
Тулеухан Алину
Техникалық директор
Станислав Швеглер
Сату бөлімінің басшысы