Техникалық акцияның бар-жоғын тексеру

BMW Group компаниясы BMW мототехникасының иесі өз мотоцикліне немесе скутеріне сенімді болғанына ұмтылады. Егер үнемі BMW Motorrad мототехникасында орындалатын өнімнің сапасын бақылау аясында нақты бір мотоциклде немесе скутерде BMW Motorrad жоғары сапа стандарттарына сәйкес келмеуі мүмкін бөлшек немесе бағдарламалық қолданбаның орнатылғаны анықталса, компания техникалық акция шығарады.

Мотоцикліңіз үшін техникалық акция болған кезде сәйкессіздікті жою іс-шарасын тегін жүргізу үшін BMW Motorrad кез келген ресми дилеріне хабарласа аласыз.

Мотоциклде немесе скутерде техникалық акцияның бар-жоғын тексеру үшін нысанды толтырып, мотоциклдің немесе скутердің VIN-нөмірін және өз байланыс деректеріңізді көрсетіңіз, ал біз жарияланған ашық техникалық акцияның бар-жоғын тексереміз.

Өтінім қалдыру

Мен жеке деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін