Австралиядағы WorldSBK чемпионатында жаңа BMW S 1000 RR моделінің сәтті дебюті
3 ай бұрын көпшілікке ұсынылған жаңа S 1000 RR моделі FIM супербайк бойынша әлем чемпионатының (WorldSBK) бірінші кезеңінде сәтті дебют жасады.
Том Сайкс өзінің RR мотоциклінде жетінші болып келді, оның командаласы Маркус Райтербергер әйгілі Phillip Island (Австралия) трассасында 13-ші нәтижемен мәре сызығын кесіп өтті.
Маркус Шрамм, BMW Motorrad басшысы: “Бірінші жарыс біз үшін өте маңызды кезең болды және біз нәтижеге қанағаттанамыз. Біз жаңа BMW S 1000 RR моделінің WorldSBK жарысына қатысу үшін керемет базасы бар екенін білдік, бірақ, әрине, екі шабандоз да бірінші жарыста керемет нәтиже көрсетеді деп күткен жоқпыз».
Басқа жаңалықтар:
Жаңа BMW R nine T/5
09 қазан 2019
BMW R nine T/5 – BMW Motorrad 50 жылдығына арналған эксклюзивті мотоцикл моделі. Классикалық, шынайы, түпнұсқа – бұл жаңа BMW R nine T моделі туралы айтылады. Ол BMW Motorrad Heritage мотоциклдерінің табысы мен жоғары сұранысын бейнелейді.