20 желтоқсан 2017
Басты бет   /   Жаңалықтар

BMW MOTORRAD 2018 ЖАҢА КИІМ-ЖАРАҚ ТОПТАМАСЫ.

Жаңа топтама бренд жанкүйерлеріне жоғары сапалы өнімдердің кең таңдауын ұсынады – премиалды күнделікті киімдер мен аксессуарлардан бастап сәнді былғары күртелерге дейін.
news

Топтама классикалық дизайнда жасалған, әр бөлшекте Make Life a Ride философиясын бейнелейді және 2018 жылдың қаңтарынан маусымына дейін және шілдесінен желтоқсанына дейін қолжетімді болатын екі жиынтықта ұсынылады. Былғарыдан жасалған бұйымдар жыл бойы қолжетімді болады.

Жаңа топтаманың басты ерекшеліктерінің бірі – «Париж-Дакар» ралли-марафонының аңызға айналған жеңімпазы Гастон Райеның құрметіне жасалған VentureNeon эксклюзивті күртесі. Екі дөңгелекті техниканың барлық жанкүйері үшін ерекше жеңдері мен шағылыстыратын әсері бар қызғылт сары түсті иықтары және бірегей кесте элементтері бар 1000-ға жуық сыртқы киім қолжетімді болады.

Сонымен қатар BMW Motorrad жаңа System 7 карбон дулығасын ұсынады, оны арнайы құралдарды пайдаланбай-ақ бірнеше секунд ішінде модуляр дулығадан ашық типтегі дулығаға оңай түрлендіруге болады. Осылайша, жаңа System 7 карбон дулығасы қауіпсіздікті, аэродинамиканы және әмбебаптықты мүлдем басқа деңгейге шығарады.

Басқа жаңалықтар:

news

Жаңа BMW R nine T/5

09 қазан 2019

BMW R nine T/5 – BMW Motorrad 50 жылдығына арналған эксклюзивті мотоцикл моделі. Классикалық, шынайы, түпнұсқа – бұл жаңа BMW R nine T моделі туралы айтылады. Ол BMW Motorrad Heritage мотоциклдерінің табысы мен жоғары сұранысын бейнелейді.

news

Алматыда мотомаусымның ашылуы

04 мамыр 2019

Алматы байкерлері Avtodom сауда үйінің алдында 15-ші мотомаусымды ашты.

news

Нұр-Сұлтанда мотомаусымның ашылуы

27 сәуір 2019

27-29 сәуір аралығында екі күн бойы «EliktiPark» ТШК тау-шаңғы базасының аумағында жыл сайынғы Road Freedom Fest мотофестивалі өтті, онда 2019 мотомаусымы ашылды.