17 шілде 2017
Басты бет   /   Жаңалықтар

Джон Купердің туған күні

17 шілде – британдық автошабандоз, инженер-конструктор және MINI маркасын шабыттандырғандардың бірі Джон Купердің (1923-2000) туған күні.
news

Джон Купер 1940 жылдардың ортасында жарыс автокөліктерін құрастыра бастады. Сол кезде ол автокөліктер әлемі үшін қозғалтқышты алдына емес, артқы оське жақынырақ орналастыру туралы тағдырлы шешім – қабылдады. Көп ұзамай, Купердің жарыс автокөліктері –Формула 1-ден Indianapolis 500-ге дейінгі беделді жарыстарда жүлде ұтып ала бастады, ал мотордың ортада орналасуы тез арада трек және тасжол жарыстарының «алтын стандартына» айналды.

Джон Купердің British Motor Corporation корпорациясымен ынтымақтастығы 1961 жылы әйгілі Mini Cooper және оның «жылдам» Mini Cooper S–нұсқасының (1963 жылы) шығарылуымен ерекшеленді, ол нағыз мотоспорт аңызына айналды. Автокөлік керемет танымал болып, оның беделді раллилерде сәтті өнер көрсетуі Mini маркасының спорттық беделін нығайтты.

1964 жылы Mini Cooper Монте-Карлодағы планетадағы ең қиын – тректердің бірінде жеңіске жетті. Падди Хопкирк пен Генри Лиддон сияқты жүргізушілерді қаһармандар сияқты құрметтеді. Келесі жылы Тимо Мякинен мен Пол Истердің командасы тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілді, ал 1967 жылы Рауно Аалтонен мен Генри Лиддон басқарған Mini Cooper S тағы да Монте-Карло раллиінің жеңімпазы болды.

Келісімшартқа сәйкес Джон Купер өзінің атын пайдаланған әрбір сатылған көлік үшін 2 фунт стерлинг алуы керек еді. Ойдағыдай болғанда 1000 данасы сатылады деп күтілген еді, бірақ ақыр соңында өндіріс жылдарында 150 000 Mini Cooper автокөлігі сатылды.

Басқа жаңалықтар:

news

Эксклюзивті түстегі MINI Hatch.

05 мамыр 2020

Қазақстанда алғаш рет Indian Summer Red керемет түсінде.

news

MINI 60 YEARS COLLECTION эксклюзивті сериясы.

16 қаңтар 2019

60 жылдық мерейтойына орай MINI бренді эксклюзивті үлгіні ұсынады. Сыртқы және ішкі кеңістікті безендірудегі бірегей дизайн шешімдері тек түпнұсқалықты ғана емес, сонымен қатар аты аңызға айналған британдық марка автокөлігінің маневрлігін де көрсетуге арналған.

news

MINI Kazakhstan фотобайқауы

19 сәуір 2018

Достар, Қазақстан аумағындағы MINI брендінің ресми импорттаушысы «Бавария автоорталығы» және MINI жүргізушілері отбасы (@minipeople.kz) фотоконкурсты зор қуанышпен жариялайды!