Сақтандыру өнімдері

Көлікті кредитке не қолма-қол ақшаға алатыныңыз, жаңа не мінілген көлік алатыныңыз маңызды емес, бәлкім, сіз бұрыннан келе жатқан клиентіміз шығарсыз және автокөлігіңіздің зауыттық кепілдігінің мерзімі өтейін деп тұрған шығар? Біз сізге өмірдегі барлық жағдайдан сақтандыруды сатып алып, өзіңізді, туыстарыңызды және өз автокөлігіңізді қауіп-қатерден сақтауды ұсынамыз.

Барлық адам – тәжірибелі жүргізуші де, көлікті жаңа жүргізіп жүрген адам да жолда жайсыз жағдайға тап болуы мүмкін. Ешкім ертең не болатынын болжай алмайды, бірақ сақтандыруды сатып алып, сіз ертеңгі күнге деген сеніміңізді арттырасыз!

«БаварияБатыс автоорталығы» дилерлік орталығында сіз автосалоннан шықпай-ақ бірнеше минутта «бір терезе» қағидаты бойынша АҚЖМ, АҚЖЕ сақтандыру полисін немесе КАСКО рәсімдей аласыз!

Сақтандыруды рәсімдеу сұрақтары бойынша «Бавария автоорталығы» дилерлік орталықтарындағы сақтандыру өнімдері жөніндегі кеңесшіге жолығуыңызды сұраймыз.

Біздің серіктестеріміз:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті және ерікті сақтандыру

«Астана-Моторс» құрамына кіретін эксклюзивті дилерлік орталықтар
үшін мінілген автокөліктерге сынудан сақтандыру «(ұзартылған кепілдік)»!
«Астана-Моторс» компаниясының құрамына кіретін эксклюзивті дилерлік орталықтар
үшін банктен сақтандыруға қосымша кепілді автокөліктерді «КАСКО сақтандыру»!
Әртүрлі тарифтік топтармен КАСКО сақтандыру.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті және ерікті сақтандыру
Әртүрлі тарифтік топтары бар КАСКО сақтандыруы.


*Астана-Моторс құрамындағы «Бавария автоорталығы» дилерлік орталықтары – «Бавария Алматы автоорталығы» , «Бавария Астана автоорталығы», «Бавария Қостанай автоорталығы».

Сақтандыру бағдарламасы, қысқаша сипаттамасы, бағдарламаның ерекшелігі Серіктес
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру КОММЕСК-ӨМІР
Amanat
Ерікті кешенді сақтандыру бағдарламасы «КОММЕСК-КОМФОРТ»:

1. «ПЛЮС» БАҒДАРЛАМАСЫ 

Көлік құралы иелерінің АҚЖМ сақтандыру полисі бойынша сақтандырылған азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындаған ЖКО-ның нәтижесінде сақтандырылған КҚ зақымдалуы немесе жойылуы
КОММЕСК-ӨМІР

2. «БІРЕУДІҢ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҒЫНАН ҚОРҒАНУ» БАҒДАРЛАМАСЫ 

ЖКО нәтижесінде сақтандырылған КҚ-ның зақымдалуы немесе жойылуы, оған кінәлі адам – ЖКО орын алған сәтте қолданыстағы АҚЖМ сақтандыру полисі жоқ және Сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) емес КҚ иесі
КОММЕСК-ӨМІР

3. Жүргізуші мен жолаушыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру бағдарламасы

Сақтандырылушының АҚЖМ полисі бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындаған ЖКО нәтижесінде сақтандырылған КҚ жүргізушісінің және/немесе жолаушыларының өмірі мен денсаулығына зиян келтіру
КОММЕСК-ӨМІР

4. КҚ иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру бағдарламасы

Сақтандыру төлемі келтірілген зиян мөлшері Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңында белгіленген бір сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушы жауапкершілігінің көрсетілген шекті көлемінен асқан кезде жүзеге асырылады
КОММЕСК-ӨМІР

КАСКО - СТАНДАРТ бағдарламасы

ЖКО, айдап әкету/ұрлау, сыртқы механикалық әсер ету, химиялық заттардың кездейсоқ сыртқы әсері және (немесе) жоғары температура, дүлей зілзалалар, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері, өрт, жарылыс, өздігінен жану, әйнектің зақымдануы жағдайында КҚ сақтандыру
КОММЕСК-ӨМІР
Amanat

КАСКО - ПЛЮС бағдарламасы

Бағдарлама банктен КАСКО сақтандыруы (негізгі шарт) қосылған кредитке рәсімделген КҚ-ға арналған. Каско-Плюс бағдарламасы бойынша сақтандыру сомасы негізгі шарттың өтелмеген бөлігіне, атап айтқанда, кредит бойынша бастапқы жарна сомасына, негізгі шарт бойынша ең жоғары франшиза сомасына және 150 000 теңге сомасындағы амортизацияның болжамды мөлшеріне тең
КОММЕСК-ӨМІР

КАСКО - ЖӨНДЕУ бағдарламасы

Каско-жөндеу бағдарламасы зауыттық кепілдік мерзімі өткен автокөліктерге арналған. Қазақстан Республикасының аумағында өндіруші зауыттың стандартты кепілдігінің қолданылу кезеңі өткеннен кейін орын алған КҚ-ның күтпеген механикалық немесе электрлік бұзылуы (ЖКО салдарынан емес) салдарынан КҚ-ның зақымдануы, жоғалуы немесе толық жойылуы сақтандыру жағдайына жатады 
КОММЕСК-ӨМІР