Қаржыландыру
- Ақпарат
- Сақтандыру өнімдері
- Лизинг
Астана-Моторс* компаниясының құрамына кіретін «Бавария автоорталығы»дилерлік орталықтарының клиенттері үшін «серіктес-банктермен» бірлесіп, арнайы әзірленген кредит беру бағдарламасын пайдалануды зор қуанышпен ұсынады.
Банктің және автосалонның менеджерінен кеңес алу үшін «Бавария автоорталығы» ресми дилерлік орталығына келіңіз. «Бавария автоорталығы»клиенттері үшін арнайы әзірленген шарттар жаныңызды сүйсіндіреді!
Егер мінілген автокөлік сатып алуды ойлап жүрсеңіз, сіз үшін жақсы ұсынысымыз бар. Клиенттеріміз үшін автокөлікті кредитке рәсімдеуге дайын серіктес-банктермен бірлесіп, біз қолжетімді бағдарламалар әзірледік.
Кредит беру шарттары. Сіз өзіңізге қолайлы кредит беру бағдарламасын тартымды мөлшерлемелермен және әртүрлі кредит беру мерзімдерімен таңдай аласыз. |
Қосымша артықшылықтар. Қалауыңыз бойынша кредит сомасына сақтандыру өнімдерінің, автокөлікке арналған қосымша жабдықтың, сондай-ақ BMW аксессуарларының құнын қосуға болады. |
Кредитті рәсімдеудің қарапайымдылығы. Кредит өтінімін Бавария Астана автоорталығы дилерлік орталығында рәсімдей аласыз немесе сайттан алдын ала өтінім жібере аласыз |
Жеке бюджетті жоспарлау. Біздің қалдық төлем бағдарламаларымыз сізге қымбатырақ жинақтамада BMW автокөлігін сатып алуға ғана емес, сонымен қатар сізге ыңғайлы ай сайынғы төлемдерді таңдауға мүмкіндік береді. |
- Жаңа автокөліктер үшін кредит беру.
- Мінілген автокөлікке кредит беру
Ресми дилерлердегі жаңа автокөліктерге арналған, кірісті растау талап етілмейтін Classic бағдарламасы:
- Бастапқы жарна – 20 %-дан бастап
- Автокредит беру мерзімі – 12 айдан 84 айға дейін
Ресми дилерлердегі жаңа автокөліктерге арналған, кірісті растау талап етілмейтін Light Pro 20/80 бағдарламасы:
- Бастапқы жарна – 20%-дан бастап
- Автокредит беру мерзімі – 12 ай
- Кредит мерзімінің соңында негізгі қарызды және сыйақыны төлеу
- Trade in кез келген уақытта
- Бастапқы жарна ретінде қолда бар автокөлік болуы мүмкін
Ресми дилерлердегі мінілген автокөліктерге арналған, кірісті растау талап етілмейтін Classic бағдарламасы:
- Бастапқы жарна – 20 %-дан бастап 50 %-ға дейін (автокөліктің нақты жасына байланысты)
- Автокредит мерзімі – 12 айдан бастап 84 айға дейін (автокөліктің нақты жасына байланысты)
Ресми дилерлердегі мінілген автокөліктерге арналған, кірісті растау талап етілмейтін Light Pro 20/80 бағдарламасы:
- Бастапқы жарна – 20 %
- 7 жылдан аспаған мінілген автокөліктер үшін
- Автокредит мерзімі – 12 ай
- Қарыз мерзімінің соңында негізгі қарызды және сыйақыны төлеу
- Trade in кез келген уақытта
- Бастапқы жарна қолда бар автокөлік болуы мүмкін
Ресми дилерлердегі мінілген автокөліктерге арналған, кірісті растау талап етілмейтін Light Pro 30/70 бағдарламасы:
- Бастапқы жарна – 30%
- 2012 жылдан бастап шыққан көлік үшін
- Автокредит мерзімі – 12 ай
- Кредит мерзімінің соңында негізгі қарызды және сыйақыны төлеу
- Trade in кез келген уақытта
- Бастапқы жарна ретінде қолда бар автокөлік болуы мүмкін
Автокредит алуға өтінімді қарастыру үшін жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлік, ҚР азаматының төлқұжаты, ҚР-да тұру ықтиярхаты) және жүргізуші куәлігін ұсыну керек.
Mycar Finance автокредит бағдарламаларының артықшылықтары:
- Кез келген уақытта комиссиясыз және айыппұлсыз мерзімінен бұрын өтеуге болады.
- Микрокредит бағдарламаларын жеке және заңды тұлғалар пайдалана алады.
- Микрокредит ұйымдастырғаны үшін комиссия 0%.
- Мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия 0%.
- Қарыз алушының жасы өтінім берген сәтте 21-65 жас аралығында болуы керек.
- КАСКО сақтандыруы және өмірді сақтандыру автокредит сомасына қосылған (заңды тұлғалар үшін өмірді сақтандыру талап етілмейді).
- Classic бағдарламасы бойынша 2005 жылдан бастап шығарылған мінілген автокөлік сатып алу.
- Алынған микрокредитті төлеудің бірнеше тәсілі бар: Халық Банктің кассасы мен төлем терминалдары – банктің тарифтеріне сай комиссия алынады, Halyk Homebank қосымшасы арқылы онлайн төлем – комиссиясыз.
*Бұл ұсыныс ақпарат беру мақсатында ғана әзірленген. MyCar Finance МҚҰ бағдарламалардың талаптарына кез келген уақытта біржақты тәртіппен өзгерістер енгізу құқығын сақтайды.
**Есептер жуық шамамен, ақпараттық сипатта алынған. Егжей-тегжейлі есептерді уәкілетті дилерлік орталықтардан ала аласыз.
«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ 2021 жылы 26 наурызда берген №02.21.0049.М лицензиясы
Көлікті кредитке не қолма-қол ақшаға алатыныңыз, жаңа не мінілген көлік алатыныңыз маңызды емес, бәлкім, сіз бұрыннан келе жатқан клиентіміз шығарсыз және автокөлігіңіздің зауыттық кепілдігінің мерзімі өтейін деп тұрған шығар? Біз сізге өмірдегі барлық жағдайдан сақтандыруды сатып алып, өзіңізді, туыстарыңызды және өз автокөлігіңізді қауіп-қатерден сақтауды ұсынамыз.
Барлық адам – тәжірибелі жүргізуші де, көлікті жаңа жүргізіп жүрген адам да жолда жайсыз жағдайға тап болуы мүмкін. Ешкім ертең не болатынын болжай алмайды, бірақ сақтандыруды сатып алып, сіз ертеңгі күнге деген сеніміңізді арттырасыз!
«БаварияБатыс автоорталығы» дилерлік орталығында сіз автосалоннан шықпай-ақ бірнеше минутта «бір терезе» қағидаты бойынша АҚЖМ, АҚЖЕ сақтандыру полисін немесе КАСКО рәсімдей аласыз!
Сақтандыруды рәсімдеу сұрақтары бойынша «Бавария автоорталығы» дилерлік орталықтарындағы сақтандыру өнімдері жөніндегі кеңесшіге жолығуыңызды сұраймыз.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті және ерікті сақтандыру
«Астана-Моторс» құрамына кіретін эксклюзивті дилерлік орталықтар
– үшін мінілген автокөліктерге сынудан сақтандыру «(ұзартылған кепілдік)»!
«Астана-Моторс» компаниясының құрамына кіретін эксклюзивті дилерлік орталықтар
– үшін банктен сақтандыруға қосымша кепілді автокөліктерді «КАСКО сақтандыру»!
Әртүрлі тарифтік топтармен КАСКО сақтандыру.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті және ерікті сақтандыру
Әртүрлі тарифтік топтары бар КАСКО сақтандыруы.
*Астана-Моторс құрамындағы «Бавария автоорталығы» дилерлік орталықтары – «Бавария Алматы автоорталығы» , «Бавария Астана автоорталығы», «Бавария Қостанай автоорталығы».
Сақтандыру бағдарламасы, қысқаша сипаттамасы, бағдарламаның ерекшелігі | Серіктес | |
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру | КОММЕСК-ӨМІР Amanat |
|
Ерікті кешенді сақтандыру бағдарламасы «КОММЕСК-КОМФОРТ»: | ||
1. «ПЛЮС» БАҒДАРЛАМАСЫ Көлік құралы иелерінің АҚЖМ сақтандыру полисі бойынша сақтандырылған азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындаған ЖКО-ның нәтижесінде сақтандырылған КҚ зақымдалуы немесе жойылуы |
КОММЕСК-ӨМІР | |
2. «БІРЕУДІҢ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҒЫНАН ҚОРҒАНУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖКО нәтижесінде сақтандырылған КҚ-ның зақымдалуы немесе жойылуы, оған кінәлі адам – ЖКО орын алған сәтте қолданыстағы АҚЖМ сақтандыру полисі жоқ және Сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) емес КҚ иесі |
КОММЕСК-ӨМІР | |
3. Жүргізуші мен жолаушыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру бағдарламасы Сақтандырылушының АҚЖМ полисі бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындаған ЖКО нәтижесінде сақтандырылған КҚ жүргізушісінің және/немесе жолаушыларының өмірі мен денсаулығына зиян келтіру |
КОММЕСК-ӨМІР | |
4. КҚ иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру бағдарламасы Сақтандыру төлемі келтірілген зиян мөлшері Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңында белгіленген бір сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушы жауапкершілігінің көрсетілген шекті көлемінен асқан кезде жүзеге асырылады |
КОММЕСК-ӨМІР | |
КАСКО - СТАНДАРТ бағдарламасы ЖКО, айдап әкету/ұрлау, сыртқы механикалық әсер ету, химиялық заттардың кездейсоқ сыртқы әсері және (немесе) жоғары температура, дүлей зілзалалар, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері, өрт, жарылыс, өздігінен жану, әйнектің зақымдануы жағдайында КҚ сақтандыру |
КОММЕСК-ӨМІР Amanat |
|
КАСКО - ПЛЮС бағдарламасы Бағдарлама банктен КАСКО сақтандыруы (негізгі шарт) қосылған кредитке рәсімделген КҚ-ға арналған. Каско-Плюс бағдарламасы бойынша сақтандыру сомасы негізгі шарттың өтелмеген бөлігіне, атап айтқанда, кредит бойынша бастапқы жарна сомасына, негізгі шарт бойынша ең жоғары франшиза сомасына және 150 000 теңге сомасындағы амортизацияның болжамды мөлшеріне тең |
КОММЕСК-ӨМІР | |
КАСКО - ЖӨНДЕУ бағдарламасы Каско-жөндеу бағдарламасы зауыттық кепілдік мерзімі өткен автокөліктерге арналған. Қазақстан Республикасының аумағында өндіруші зауыттың стандартты кепілдігінің қолданылу кезеңі өткеннен кейін орын алған КҚ-ның күтпеген механикалық немесе электрлік бұзылуы (ЖКО салдарынан емес) салдарынан КҚ-ның зақымдануы, жоғалуы немесе толық жойылуы сақтандыру жағдайына жатады |
КОММЕСК-ӨМІР |
BMW Group Kazakhstan Astana Motors Finance компаниясымен бірлесіп, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге BMW автокөліктерін лизингке сатып алуды ұсынады.
Қаржы лизингі бойынша шарттар:
- Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін
- Аванстық төлем – лизинг нысаны құнының 10%-ынан басталады
- Сыйақы мөлшерлемесі жеке қаралады
- Лизинг мерзімі – 37 ай.
Жедел лизинг шарттары:
- Аванстық төлем
- 0 % сыйақы мөлшерлемесі
- 0 % жалдау мерзімі
- 12 айдан бастап 60 айға дейін
- Өтінімді қарау мерзімі – – 3 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін
Байланыс телефондары:
+ 7 701 929 40 80 – Мұқанов Сәбит
+ 7 701 929 40 79 – Аққозы Бағдат
+ 7 701 305 88 49 – Қадырқұлов Әлімжан
+ 7 701 098 16 08 – Алтынбек Айдос
Мекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 107.
Веб-сайт: http://www.mkamf.kz
Email: amf@astana-motors.kz