Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
Алдыңғы бөлік

Алдыңғы бөлік

BMW M5 Competiton алдыңғы бөлігі «Жылтыр қара» түсті ерекше қос M ламельдері бар жаңа тұтас радиатор торымен сипатталады. Ірі ауа тартқыштары бар ерекше пішінді М алдыңғы бампері және ұялы құрылымы бар орталық сәндік тор бейненің айқындылығын көрсетеді.

M Carbon төбесі BMW M5 Competiton жарыс гендерінің көрнекі дәлелі ғана болмай, сонымен қатар автокөліктің салмағын айтарлықтай азайтады және оның ауырлық ортасын төмендетеді.

Бүйірден қараған кезде BMW M5 Competiton 20 дюймдік M 706 M Jetblack жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілерімен тамаша үйлесетін ерекше M ауа өткізгіштері мен «Жылтыр қара» түсті артқы көрініс айналарының корпустары бар қуатты дизайнымен таңғалдырады.

L тәрізді жарықдиодтары бар фаралар және жаңа дизайнға ие M радиатор торы BMW M5 Competiton моделінің фирмалық батыл бейнесін жасайды.

Үш өлшемді дизайны мен «Жылтыр қара» жиектері бар жаңа жарықдиодты артқы шамдар BMW M5 Competiton бейнесінің ерекше айқындылығын көрсетеді.

Буылтық артқы бөлігі BMW M5 Competiton автокөлігінің таңғаларлық күшін көрсетеді. Бұл әсерді жүксалғыш қақпағындағы керемет «Competiton» жазуы, әдемі «Жылтыр қара» түсті артқы спойлер және тура сондай түсті әсерлі екі жұп пайдаланылған газдарды шығару келтеқұбырлары бар артқы диффузор баса көрсетеді.

Спорттық және сәнді BMW M5 Competiton кокпиті жүргізушіге фирмалық бағдарлануымен және M функционалдығымен үйлескенде эксклюзивті жайлылықты қамтамасыз етеді.

«M5» жарықтандырылған логотипі және толық кіріктірілген бассүйегіштері бар жаңа BMW M5 Competiton M көпфункциялы орындықтары ең жоғары жайлылық пен керемет бүйірлік тіреуді қамтамасыз ететін спорттық және эксклюзивті дизайнды біріктіреді.

Динамика

Динамика

BMW M5 Competition моделінің BMW M Twinpower Turbo 8 цилиндрлі бензин қозғалтқышы

BMW M5 Competition моделінің BMW M Twinpower Turbo 8 цилиндрлі бензин қозғалтқышы

BMW M5 Competition моделінің 4,4 литрлік жұмыс көлемі бар V8 қозғалтқышы 460 кВт (625 а.к.) қуатына және үлкен 750 Нм айналу моментіне ие. Жоғары қысымды бүріккіштермен (350 бар), тиімділігі жоғары екі TwinScroll турбоүдеткіштерімен, аралық салқындату жүйесімен және бірдей ұзындықтағы шығару коллекторымен бұл M жоғары айналымды күштік агрегаты кез келген айналым диапазонында әсерлі үдету динамикасы үшін тұрақты жоғары қуат береді.

M xDrive жүйесі

M xDrive жүйесі

Белсенді M дифференциалы бар M xDrive толық жетек жүйесі күнделікті қолдану кезінде де, жарыс жолдарында да жол бетіне максималды ілінісуге және жоғары динамикаға кепілдік береді. M бірегей технологиясы артқы жетектің орналасуына тән маневрлікті толық жетекті автокөліктерге тән басқарылумен біріктіреді. Сіз үш жүргізу режимінің біреуін таңдай аласыз: 4WD, 4WD Sport және – DSC өшірулі кезде – 2WD.

Drivelogic технологиясы бар 8 сатылы M Steptronic автоматты беріліс қорабы

Drivelogic технологиясы бар 8 сатылы M Steptronic автоматты беріліс қорабы

Drivelogic технологиясы бар 8 сатылы M Steptronic автоматты беріліс қорабы өте жылдам ауысу мүмкіндігімен және бірнеше ауысу алгоритмімен ерекшеленеді: максималды спорттық және қарқындыдан бастап жайлы және үнемдіге дейін. Берілістерді рульдегі селектор тұтқасы немесе руль астындағы құлақшалар арқылы қолмен ауыстыруға болады.

M MODE түймесі

M MODE түймесі

Жүргізушінің көмекші жүйелерінің араласу дәрежесін баптау үшін орталық консольдегі M MODE түймесін пайдаланыңыз. ROAD режимінде электрондық көмекшілердің барлық мүмкіндігі қолданылады. SPORT режимінде олар жүргізушіні тек ескертеді, бірақ автокөлікті басқару процесіне араласпайды. TRACK режимінде жүргізушінің көмекші жүйелері толығымен, мысалы, жарыс жолында жүру үшін өшірілген. Бұған қоса, ақпараттық дисплейлерде таңдалған режимге неғұрлым сәйкес келетін автокөлік параметрлері көрсетіліп тұрады.

M Setup

M Setup

M Setup қозғалыс динамикасының әртүрлі параметрлерін, соның ішінде қозғалтқыштың, трансмиссия мен рульдің сипаттамаларын, амортизаторлардың баптауларын, динамикалық тұрақтылықты бақылау жүйесінің (DSC) араласу дәрежесін немесе айналдыру моментінің M xDrive толық жетек жүйесінде бөлінуін сіздің жеке қалауыңызға сәйкес баптауға мүмкіндік береді.

Сервотроник M

Сервотроник M

Кез келген жол жағдайында сервотроник М ағымдағы қозғалыс жылдамдығына бейімделе отырып, рульде оңтайлы күш береді. Нәтижесінде руль кез келген жылдамдықта өте дәл және жоғары жауап беру күйінде қалады. Жүйе M модельдері үшін арнайы баптаулар алды және пернені сәл ғана басу арқылы екі жұмыс режимінің бірін таңдауға мүмкіндік береді.

М карбон-керамикалық тежегіштері

М карбон-керамикалық тежегіштері

М карбон-керамикалық тежегіштері – автоспорттан инновациялық технологияларды алу нәтижесі. Олар коррозияға ұшырамайды, тозуға өте төзімді, үлкен қызулық жүктемелерге төтеп бере алады және маневрлік пен динамикаға оң әсер ететін төмен салмаққа ие. Бұл ерекше жүйені «M» логотипі бар алтын-күңгірт суппорттардан оңай тануға болады. Материалдың ерекше қасиеттері тежеу кезінде шуылдарға әкелуі мүмкін, мысалы, ұзақ уақыт төмен жүктеме жағдайында немесе тұрақтан кейін бірден ылғалды ауа райында жүргенде. Б

M Sport пайдаланылған газдарды шығару жүйесі

M Sport пайдаланылған газдарды шығару жүйесі

M Sport пайдаланылған газдарды шығару жүйесі қарқынды дыбыс шығарады, ол пайдаланылған газдарды шығару жүйесіне енгізілген басқару клапанымен өзгертіледі. Қозғалыс режимін таңдау түймелері арқылы іске қосылатын SPORT және SPORT+ режимдері қозғалтқыштың әлдеқайда қарқынды дыбысын пайдаланады, ал жайлылыққа бағытталған режимде дыбыс тыныш болады.

BMW Live Cockpit Professional

BMW Live Cockpit Professional

Навигация функциясы бар BMW Live Cockpit Professional 12,3” ажыратымдылығы жоғары сенсорлы бақылау дисплейін және 12,3” толық цифрлық аспаптар тақтасының дисплейін қамтиды. BMW 7 операциялық жүйесі iDrive сенсорлы контроллері арқылы да басқарылуы мүмкін.

Смартфонды кіріктіру

Смартфонды кіріктіру

Енді сізге BMW автокөлігін жүргізу кезінде смартфонның функцияларынан бас тартудың қажеті жоқ. Смартфонды кіріктіру смартфоныңыз сымсыз қосылатын Apple CarPlay® және Android Auto® қолданбаларын қолдау арқылы автокөлігіңіздің функционалын кеңейтеді. Бұл сізге барлық таныс функцияны және әртүрлі қосымшаларды тікелей автокөлікте барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.

Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі

Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі

Екі алмазды жоғары жиілікті динамиктері бар Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі автокөліктің әр жерінде керемет студиялық сапалы дыбысты береді. Қай жерге орналастыру керек екені мұқият таңдалған 16 динамик ерекше әсерге кепілдік береді. Динамиктер жарықтандырылып, керемет дыбыс сапасын көрнекі түрде көрсетеді.

Артқа жүру көмекшісі

Артқа жүру көмекшісі

Артқа жүру көмекшісі 35 км/сағ жылдамдықпен алға жүру кезінде автокөліктің соңғы 50 м жолын жазып алады және қажет болған жағдайда автокөлікті кері қайтарады. Сіз рульден қолыңызды толығымен алып тастап, автокөліктің айналасындағы жағдайды бақылауға зейін қоя аласыз.

Professional көлік жүргізу көмекшісі

Professional көлік жүргізу көмекшісі

Professional көлік жүргізу көмекшісі бір сарынды қозғалыс жағдайында да, жолдың күрделі жағдайларында да оңтайлы жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Стандартты көлік жүргізу көмекшісінің функциясынан басқа, оған бұру көмекшісі және жетілдірілген функциялары бар қозғалыс жолағын бақылау жүйесі, жолақты ауыстыруға көмектесу жүйесі, сондай-ақ бүйірлік соқтығысудан белсенді қорғанысы бар жолақта ұстау жүйесі кіреді.

Сипаттамалары мен бағалары

Сұраныс қалдыру

BMW M5

img